Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары апта сайын кәсіпкерлермен кездесетін болды

Қызылордада мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары апта сайын кәсіпкерлермен кездесетін болды

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен кәсіпкерлерге салық, кеден заңдылықтарын түсіндіру бойынша кездесуде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов айтты.

Сала басшысы осы жылдан бері қолданысқа енген кәсіпкерлер үшін тәуекел санаты, электронды шот-фактура ақпараттық жүйесі, салықтық рақымшылық туралы айта келе, кеден саласын оңтайландыру бағытындағы шараларға тоқталып өтті.
Ғалымжан Орынов биылғы жылдың жаңа міндеттерінің бірі – кәсіпкер-салық төлеушілерді төмен, орташа немесе жоғары тәуекел санатына жатқызу жұмыстары екендігін, әрбір салық төлеуші тұлға өзінің қызметінің бірнеше өлшемшарттары бойынша жүргізілген талдау нәтижесі бойынша белгілі бір санатқа ие болатындығын және салықтық әкімшілендіру шаралары сол санат бойынша саралап қолданылатындығын жеткізді.
Осындай көрсеткіштер бойынша жүргізілетін талдау қорытындысымен салық төлеушінің қандай тәуекел дәрежесіне жатқызылғандығы туралы ақпарат жылына екі рет анықталып, әр кәсіпкерлік тұлғасына «Салық төлеушінің кабинетіне» жіберіліп отырады екен.
Аймақтың бас салықшысы кездесуде 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Салық кодексінің ережелеріне сәйкес шот-фактураларды электронды түрде жазу кезең-кезеңімен міндеттеліп келсе, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап-барлық қосымша құн салығын төлеушілер, қосымша құн салығын төлеушілер болып табылмайтын комиссионерлер мен экспедиторлар, сондай-ақ импортталған тауарларды сатқан жағдайда да міндеттелгендігін де айтып өтті.
Кәсіпкерлерге арналған салықтық рахымшылыққа қатысты Кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылдың 21 қаңтардағы бұйрығымен «Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары» бекітілгенін айтып өтті.
Осыған сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейтін салықтық рақымшылық жүргізілуде.

Салықтық рақымшылық не үшін жасалады?
Шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің қордаланған қарызының елеулі бөлігін өсімақы және айыппұлдар құрайды. Негізгі салықтан қарызын өтеген соң кәсіпкердің кәсібін жалғастыруға, жаңа кәсіп түріне ауысуға, жаңа идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндігі пайда болады.
Кездесу барысында бизнес өкілдері тарапынан көтерілген мәселелерді ескере келе Кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов бұдан былай аптаның әр бейсенбісі, сағат 15.00-18.00 аралығында аудандық және қалалық Кірістер басқармасының басшылары мен облыстық Кірістер департаментінің басшысы кәсікерлерді жеке мәселелерімен қабылдайтындығын жеткізді. Бұл қадам салық саласына қатысты туындайтын сауалдар мен түсініспеушіліктердің алдын алады деп күтілуде.
Кездесудің қорытындысымен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов пен Қызылорда облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов өзара әріптестік жөніндегі Меморандумға қол қойды.
23 шілде 2019 ж. 171 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области