Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 13 жастағы жасөспірім суға кетті

Қызылордада 13 жастағы жасөспірім суға кетті

Kyzylorda-news.kz. Сырдария өзенінің суға түсуге рұқсат етілмеген аумағында шомылған 13 жастағы жасөспірім суға кетті.

Ол ата-анасының бақылауынсыз қалып, көз жұмды. Бұл оқиғаға қатысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз маманы Айгүл Нұрманова ата-ананың балаға салғырт қарауы себеп болғанын айтады.
«Тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне салғырт қарайды. Олардың қайда жүргенінен хабарсыз. Жыл басынан бері 22 адам суға кетті. Оның ішінде тоғыз бала осындай төтенше жағдайдан қайтыс болды. Біз тұрғындар арасында қауіпсіздік шаралары жөнінде үгіт-насихат шараларын жүргіземіз. Дегенмен оған көбі құлақ аса бермейді», - деді ол.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада бір аптада үш бала суға кеткен еді.
22 шілде 2019 ж. 150 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области