Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырда «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Байқоңырда «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жолда қабылдау» акциясы өтті.
Сонымен қатар акция Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің аумақтарында өткізілді.

Әкімшілік полиция, көші-қон қызметі, сондай-ақ тіркеу-емтихан жұмысы, әкімшілік практика және жол-техникалық инспекция инспекторлары арнайы автобуста азаматтарды жеке қабылдауды жүргізді.
Екі күн ішінде «Жолдағы қабылдау» акциясы барысында барлығы 138 өтініш түсіп, оның 95-і жол қауіпсіздігі мәселесіне қатысты болса, 43-і көші-қон заңнамасын сақтау мәселелеріне жайында болды. Сонымен қатар, тұрғындар айыппұлдарды төлеу тәртібі, автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру, автокөлікті қайтадан жабдықтауды рәсімдеу тәртібіне қызығушылық білдірді.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу-емтихан бөліністерін Мамандандырылған ХҚКО-на, сондай-ақ теориялық және практикалық емтихандар өткізу жөніндегі функцияларды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына тапсырылуына байланысты жүргізуші куәліктерін беру мәселесі жөнінде тұрғындарға құқықтық кеңес берілді.
16 шілде 2019 ж. 102 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области