Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жер шетелдіктерге сатылмайды – Тоқаев

Жер шетелдіктерге сатылмайды – Тоқаев

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы үкіметке ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді тапсырды. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тоқаев ауыл шаруашылығы министрлігі жерді тиімді пайдалануға мониторинг жүргізуге кіріскенін атап өтті.
"Бұл жұмысты соңына дейін жеткізу қажет. 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты мораторий аяқталады. Нақтылап айтсақ, ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беруге салынған тыйым туралы сөз болып отыр. Біз бұл мәселеге қатысты соңғы шешім қабылдауымыз қажет. Шетелдіктерге келер болсақ, оларға жер сатылмайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген инвентаризация кезінде 16,5 миллион алқаптың пайдаланылмай, бос тұрғаны анықталған.
"Бұл мәселенің бір шеті ғана. Үкіметке ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді, жер кадастрының ақпараттық жүйелерін цифрландыруды тапсырамын. Жер – өндірістің басты факторы. Бұл мәселеде тиімділік пен ашықтық болмаса, ауылды дамыта алмаймыз. Мұның күрделі жұмыс екенін түсінеміз, бұл жерде ауыл шаруашылығы мен цифрлық даму министрліктерінің үйлесімді өзара іс-қимылы қажет", - деді Президент.
Тоқаев цифрландыру жұмысын келесі жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

15 шілде 2019 ж. 137 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области