Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде күніне кем дегенде 10 адам суға кетеді – ТЖК

Елімізде күніне кем дегенде 10 адам суға кетеді – ТЖК

Kyzylorda-news.kz. Елімізде күніне кем дегенде 10 адам суға кетеді. Олардың арасында балалар да бар. Бүгін төтенше жағдайлар комитеті өкілдері соңғы үш күнде тіркелген статистикалық мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство өкілі Владимир Беккердің айтуынша, шомылу маусымы басталғаннан бері 126 адам, оның ішінде 50 бала суға кеткен. Төтенше жағдайлардың көбеюін мамандар күннің ысуымен байланыстырады. Болжамдарға сай, мұндай ауа райы әлі бір апта бойы сақталады. Сондықтан құтқарушылар табиғат аясында демалушыларға суда шомылу ережелерін сақтай отырып, тек арнайы бекітілген орындарда шомылуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
«Шомылу маусымы басталғанан күннен бастап ТЖК бөлімшелері қайғылы жағдайлардың алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанына қарамастан, тұрғындар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Балаларын қараусыз қалдырып жатады. Өкінішке қарай, су айдындарында қаза тапқандардың көбі балалар», - ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер.

12 шілде 2019 ж. 98 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области