Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Экспедицияның «Үздік археологы»

Экспедицияның «Үздік археологы»

Kyzylorda-news.kz. «Балапан» телеарнасы ұйымдастырған «Жұмбақ жер» реалити-шоуына қызылордалық жас зерттеуші Ақбота Тоқтарбаева қатысып, тарихи орындағы қазба жұмыстарында белсенділік танытты.

Бағдарламаның басты мақсаты – өскелең ұрпақ бойындағы өз Отанына деген махаббатты арттырып, бай тарихи мұрамен таныстыру. Жастар арасынан болашақ тарихшы, археолог мамандардың шығуына сеп болып, елімізде әлі сыры ашылмаған археологиялық орындарды зерттеуге үлес қосу. Бұл бағдарлама биыл да жалғасын тауып, жасөспірімдер тарихи орындардың сырына қанық болуда.
Жас археолог Қоғалыкөл ауылындағы №44 орта мектептің оқушысы. Бағдарламаға қатысып белсенділік танытқан Ақбота Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы қола дәуіріне тиесілі «Алат» қонысында жүргізілген археологиялық-танымдық экспедицияға қатысты. Ол экспедиция барысында зерттеулерге атсалысты, мұндағы тарихи жәдігерлермен танысты. Екі аптаға созылған экспедицияда туған жер тарихына қатысты ой-пікірімен бөлісіп, Сыр бойындағы тарихи ескерткіштерге тоқталды. Сол еңбегі үшін «Үздік археолог» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Жас зерттеушінің мұндай жетістікке жетуіне жетекшісі Үлпат Қожаназарованың да қосқан үлесі зор. Экспедицияда жоғары ұйымдастырушылық кәсіби қабілетімен ерекшеленген тарих пәнінің мұғалімі телеарна басшылығының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Негізі «Алат» қонысынан қола жəне темір балқытқан пештер табылған. Қазіргі таңда сол пештерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Экспедицияда табиғи жағдайда кен балқыту жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар археологтар мен шетел ғалымдары, жастар 1500-1600 градус жоғары температурадағы темір балқыту ісіне куə болды.
12 шілде 2019 ж. 34 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области