Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қайыр сұрайтындар заң жүзінде қандай жауапкершілікке тартылады?

Қайыр сұрайтындар заң жүзінде қандай жауапкершілікке тартылады?

Kyzylorda-news.kz. Қайыр сұрау кәсіп пе, күнкөріс пе? Қол жаятындарды еліміздің басты қаласының көшелерінде де көруге болады. Қанша шара қолданылса да, тыйылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, жаздың күндері көбейе түседі. Жалпы қайыр сұрайтындар заң жүзінде қандай жауапкершілікке тартылады?
Қайыр сұрайтындарды іздеп халық көп жүретін жерге бардық. Күн апшыны қуырған соң ба, таппадық. «Шілденің шіліңгір ыстығында шыға қоймайтын болар» деп екінші базарға аттандық. Кездесті. Мүмкіндігі шектеулі кейуананы көрдік.
Қимылдауым қиын. Бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жанмын. Мына жерге еріккеннен келіп отырған жоқпын. Күнкөрістің қамы. Өткен-кеткендер мүмкіндігінше көмектесіп жатыр. Зейнетақы аламын. Бірақ соның өзінде жетпейді. Жолдасым мені бағып отырғандықтан жұмыс істей алмайды. Сондықтан басқа амалымыз қалмады», - дейді қайыршы.
Осылай тұрғанымызда полиция қызметкері келді. Айтуынша, жұрттың мазасын алып, қайыр сұрайтындарға рұқсат жоқ.
«Егер халықтан шағым түссе, алып кетуге құқылымыз. Айналадағы адамдардың мазасын алып жүрсе алып кетеміз. Ал, мына қария сияқты отырса, әкетпейміз. Яғни қайыр сұрайтындар әрі-бері жүріп, жұрттың мазасын алмауы тиіс», - дейді қалалық полиция департаменті жол-патрульдік полициясының инспекторы Жанабек Алпысбаев.
Негізінен ел астанасының көшелерінде көбіне Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары қайыр сұрап жүреді-міс. Жазда қаптайды. Материалды әзірлеу барысында арнайы сынақ өткізіп көрдік. Адамдар көп жүретін жерге бойжеткенді тұрғызып қойдық. Қайыр сұрау үшін.
Бас-аяғы 20 минуттың ішінде кейіпкерімізге 15 шақты адам қол ұшын созып, көмек көрсетті. Ақшасын беріп жатып, біреулер қыздың ұлтын сұраса, басқасы «ата-анаң қайда» деп жатты.
20 минуттан соң кейіпкеріміз көлікке оралды. Әсерімен бөлісті.
Санаулы минуттың ішінде біршама ақша түсті. Кейіпкеріміз кетіп бара жатып, жиналған теңгені мүмкіндігі шектеулі кейуанаға ұстатып кетті.
Қайыр сұрап отырғандардың 80%-і басқа мемлекеттен келген азаматтығы жоқ тұлғалар. Бірақ нақты саны жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша аталған әрекет үшін алғаш рет 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, екінші рет 10 АЕК айыппұл төлейді немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Шетелдік азаматтығы жоқ тұлғалар 5 тәулікке дейін қамауға алынып, Қазақстан мемлекетінің шекарасынан шығарылады. Одан кейін олар соттың шешімімен 5 жылға дейін Қазақстанға келе алмайды.

12 шілде 2019 ж. 106 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области