Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 14 шілде: Атаулы күндер

14 шілде: Атаулы күндер

1971 жылы Қызылорда облыстық мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы құрылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігі құрылды. Екі жылдан соң ҚР Үкіметінің 9 сәуірдегі қаулысымен агенттік жойылды.

1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы құрылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы қабылданды.

2005 жылы Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінің қатысуымен Қырғызстандағы Қазақ елшілігінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

2005 жылы Алматыда Орталық Азиядағы адам құқығын қорғайтын Мұсылман комитетінің бас кеңсесі ашылды. Комитет мүшелері болып заңгерлер, теологтар және діни қауым өкілдері тіркелді. Ұйымның мақсаты азаматтардың ұлтына, дініне және саяси тиістілігіне қарамастан құқығын қорғау болып табылады.

2009 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырудар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

2009 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологтар экспедициясы Нұра өзенінің ортаңғы ағымының тұсынан сақ дәуірінің жәдігерлерін тапты.

2011 жылы Астанада локомотив құрастыру зауыты кейіннен экспорттау үшін өз тепловоздарын Ресейге, Эстонияға сертификаттауға жіберді. Тәжікстан 3 тепловоз, Моңғолия 10 тепловоз сатып алуға ниет білдірді. Әр тепловоз, ішкі нарықта 3 млн. 900 АҚШ долларын құрайды, ал экспорт 4 млн. 800 мың АҚШ долларына бағаланады.

2014 жылы алты жасар алматылық қыз Софи Манасян Австриядағы дарындылар шоуында Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, алтын мүсін мен «Алтын үміт» арнайы жүлдесін жеңіп алды. Ол дарындылар байқауына үш би дайындады. Софи Манасян аққу, және үнді билерінде күрделі қимылдармен көзге түскен.

2014 жылы Қазақстан жастар саясаты бойынша бірінші жаһандық форумға қатысу үшін Бакуге (Әзербайжан) шақыртылды.

2015 жылы Ақтөбе облысында археологтар сармат шонжарларының қорымын тапты. Екі адамның қаңқасы, жанында құрбандыққа шалынған жылқының сүйегі табылды. Қорым біздің дәуірімізге дейінгі V ғасыр, яғни темір дәуіріне жатады.

2016 жылы Қазақстандық балет жұлдызы, Astana Opera театрының жетекші әншісі Бақтияр Адамжан Ыстамбұлда (Түркия) V халықаралық балет әртістері байқауында Гран-при иегері атанды.
14 шілде 2019 ж. 111 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области