Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қазгидромет» РМК-ның бұрынғы басшылары сотталды

«Қазгидромет» РМК-ның бұрынғы басшылары сотталды

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-ның бұрынғы басшылары 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сұлтанов пен Андриановқа қатысты 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, олар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», - деп нақтылады баспасөз қызметі.
Сот үкімі биылғы 3 шілде күні шығарылды.
Еске салсақ, 17 қаңтар күні «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшылары ұсталды.
Олар ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағымен (пара алу) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды.
Бұдан кейін «Қазгидромет» өз қызметкерлерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес, күдікті ретінде «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Р.И.Андрианов және «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Н.К.Сұлтанов ұсталды.

11 шілде 2019 ж. 28 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области