Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Акция аясында екі жеңімпаз марапатталды

Акция аясында екі жеңімпаз марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының жеңімпаздары марапатталды.

Департамент басшысы Ғалымжан Орынов акцияға халықтың белсенді болуы көңіл қуантарлық жағдай екенін, бұл науқанның ел қазынасын толтыруда ерекше маңызы бар екенін атап өтті. Сондай-ақ жеңімпаздар Айдос Мырзабек пен Жібек Рысбекованы арнайы 229 729 теңге көлеміндегі сертификаттармен құттықтап, жеңіске тігілген «IPhone 7» смартфондарын табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, акция үстіміздегі жылдың 8-тамызына дейін жалғасатын болады. «100 күнге 100 смартфон» акциясы аясында елімізде әр күнде 1 смартфон нақты ұтысы болып тұрады.
Акцияға қатысу үшін App Store, Google Play market қосымшалары арқылы қатысушы және чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасын жүктеу қажет.
11 шілде 2019 ж. 93 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области