Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада полицей ұстаған жүргізуші көз жұмды

Қызылордада полицей ұстаған жүргізуші көз жұмды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда полиция департаментінің хабарлауынша, полиция қызметкері мас күйінде көлік жүргізген жергілікті тұрғынды тоқтатып, оны қызметтік автокөлікке отырғызуға әрекет жасаған сәтте жүргізуші есінен танып, жедел жәрдем келгенше көз жұмған.
Бұл оқиға 10 шілдеге қараған түні болған.
«Қызылорда қаласының 43 жастағы тұрғыны спирт ішімдігін ішіп автокөлік басқарған. Полиция қызметкерлері оған автокөлікті тоқтату жөнінде заңды талап қойған, бірақ ол талапқа бағынбаған. Мас күйінде көлік жүргізген азаматты тоқтатып, қызметтік автокөлікке отырғызу барысында ол кенеттен есінен танып, құлаған. Полицейлер бірден жедел жәрдем шақыртты, ол медициналық көмек келгенде көз жұмған. Сот-дәрігерлік сарапшының мәйітке сырттай қарау жүргізу барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

11 шілде 2019 ж. 95 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области