Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада көлік ішінен адамның мәйіті табылды

Қызылордада көлік ішінен адамның мәйіті табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада көлік ішінен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш оқиға Қызылорда қаласында болды. Адам мәйітінің табылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 26 және 41 жасар екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктілер Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаменті қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейтінін мәлімдеді.

11 шілде 2019 ж. 93 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области