Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 11 шілде: Атаулы күндер

11 шілде: Атаулы күндер

1858 жылы қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы дүниеге келді.
1894 жылы Петропавл қаласына Транссібір темір жолы арқылы алғашқы пойыз келіп жетті. Бұл теміржол қатынасы аймақтың экономикалық дамуына жасалған негізгі қадам болатын.
1977 жылы елімізде Қазақ минералдық шикізат ғылыми-зерттеу институты құрылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды.
1997 жылы Қазақстандағы Ливан елшілігінде ұлы философ, ғалым, ойшыл, математик, астролог, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фарабидің араб тілінде жарық көрген толық шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
1998 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Жарлығымен Астана қаласының соты құрылды.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында Қолөнершiлiктi дамыту тұжырымдамасы туралы» Қаулысы қабылданды.
2005 жылы Мемлекет басшысы «Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiндегi өнімдi бөлу туралы келiсiмдер туралы» Заңға қол қойды.
2009 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы ел аумағында ақпарат таратумен байланысты қарым-қатынастарды мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды.
2013 жылы қазақстандық Мария Мудряк «Belvedere» опера әншілеріне арналған халықаралық конкурсында әлемнің үздік сопраноларының ондығына кірді.
2015 жылы әнші Димаш Құдайберген «Витебск-2015» XIII Халықаралық эстрада әндерінің орындаушылары байқауының финалына жолдама алды.
2017 жылы Қазақстанда «Уақып» корпоративті қайырымдылық қоры құрылды. Бұл қордың басты мақсаты - қайырымдылық қаражатын жинақтау, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және осал топтарға көмек беру, қайырымдылықтан түскен қаржыны және тапқан табысты зайырлы мақсаттарға бағыттау. Сонымен қатар имамдарды қамтамасыз ету.
2018 жылы ҚР Ұлттық банкі мен Өзбекстанның орталық банкі арасында «Банктік қадағалау саласындағы өзара іс-қимыл туралы» келісім жасалды. Бұл құжат талаптарына сәйкес, еліміздің екінші деңгейлі банктері көрші ел аумағында трансшекаралық мекеме құруға мүмкіндік алады.
11 шілде 2019 ж. 113 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области