Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 11 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Қызықты тосынсыйлар күтіп тұр. Сонымен қатар күтпеген кездесулер, мен жаңалықтар орын алады. Мұның барлығы сіздің көңіліңізді көтеріп, табысқа жетуге үміт сыйлайды.

Торпақ
Асықпаңыз. Өз қалауыңызға қол жеткізгіңіз келгенімен, асықпай, барлығын ой елегінен өткізіп барып іс-әрекет еткеніңіз жөн. Ескі таныстардың ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз.

Егіздер
Қарбалас күн. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Қателіктерге бой алдырмас үшін шешім шығармағаныңыз дұрыс. Мәселенің мән-жайын анықтап, ақылмен жұмыс жасаңыз.

Шаян
Бүгін күніңіз сәтті өтеді. Жақындарыңыз көмек көрсетуге әзір болып, материалдық жағдайыңыз біршама жақсарып қалады. Сондай-ақ бүгін басшылық тарапынан берілген қосымша тапсырмадан бас тартпаңыз.

Арыстан
Жұмыста беделіңіз өсіп, жұмысқа қатысты ұстанымдарыңызды күшейтесіз. Мақсатыңызға жетуге мүмкіндік бар. Ол үшін кез келген қиындықтан жол таба білуіңіз қажет.

Бикеш
Күн еш қиындықсыз өтеді деу қиын. Дегенмен сіз оның барлығын жеңе аласыз. Ол үшін тапқырлығыңыз көп көмектеседі. Мақсатқа жету үшін өз жолыңызды таба білгеніңіз жөн.

Таразы
Жоспарларыңыз жүзеге аса қоймайды. Себебі сіз өз дегеніңізден қайтпайсыз. Өзгелердің кеңесіне құлақ аспау кейде қиындық тудырады. Оған бола, көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.

Сарышаян
Көптен бері шешуге тырысып, алайда кейінге қалдырып жүрген өзекті мәселені қолға аласыз. Сонымен қатар бүгін көпшілік алдына шығып, маңызды жобаны қорғауыңыз мүмкін.

Мерген
Қарызға ақша аласыз немесе бұрын сізден ақша алғандар қарызын қайтарады. Материалдық жағдайыңыз аздап жақсарып қалады. Үйіңізге жөндеу жұмыстарын жүргізуді ойластыра беріңіз.

Тауешкі
Егер барлығына сақтықпен қарап, дұрыс ойлана білсеңіз барлығы оңынан болмақ. Жалқаулыққа, еркелікке жол бермеңіз. Сіздің сыртыңыздан өсек тарататын адамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз.

Суқұйғыш
Күтпеген кездесулер болады. кездескен адамыңызбен әңгіме-дүкен құрып, өткен күндерді еске аласыз. Сонымен қатар бұл күні қалтаңыз қалыңдап, тосынсыйларға тап боласыз.

Балықтар
Қандай жағдай орын алса да, сабырлы қалпыңыздан танбаңыз. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Бірақ оған бола бас қатырудың қажеті жоқ. Себебі бұл мәселе көп уақыт өтпей-ақ өз шешімін табатын болады.
11 шілде 2019 ж. 88 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области