Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Билік өкілдері халықпен кездеспесе қоғамдық сенім қайдан болады? – Б.Байбек

Билік өкілдері халықпен кездеспесе қоғамдық сенім қайдан болады? – Б.Байбек

Kyzylorda-news.kz. Халық сеніміне ие болу үшін бұқарамен байланысқа баса мән беріп, елмен етене жұмыс істеу керек. Бұл ретте партиялық бақылау күшейтілуі тиіс. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның кезектен тыс 25-конференциясында айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті мәслихаттар өз жұмысын жандандырып, кез келген деңгейдегі әкімдердің жұмысын қадағалай алғанда ғана халықтың сенімі қайта оралады. Орал қаласында «Nur Otan» партиясының кезектен тыс 25-конференциясын өткізген Бауыржан Байбек партияластарына осындай тапсырма берді. Жыл басынан бері батыс қазақстандықтардан «Nur Otan» партиясына екі мыңға тарта өтініш түсіп, оның 30% шешімін тауыпты. Қоғамдық қабылдауға 9 мың адам көмек сұрап келген.
«Біздің қолымыздағы деректерге сүйенсек, алғашқы жарты жылдықта партияның Орал қалалық филиалында қала әкімінің орынбасарлары бір де бір қабылдау өткізбеген. Алдағы уақытта партия бұл мәселені қатаң бақылауға алуы тиіс. Егер халықпен кездеспесе, қандай қоғамдық сенім туралы айтуға болады?», - деді «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

10 шілде 2019 ж. 36 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области