Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қауіпті жағдай туындауы мүмкін»: Қорғаныс министрі арыстықтарға ескерту жасады

«Қауіпті жағдай туындауы мүмкін»: Қорғаныс министрі арыстықтарға ескерту жасады

Kyzylorda-news.kz. Ермекбаев қалып қойған кейбір оқ-дәрілерді тауып алған тұрғындар оларды дұрыс ұстамаса, жарылып кетуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қалып қойған снарядтар туралы бірден хабар беруді өтінді.
Министрдің айтуынша, әскери арсеналда болған гранаталар мен оқ-дәрілер қойманың ішінде жарылды. Ал реактивті снарядтар 8 шақырымға дейін ұшқан. Бірақ аталған снарядтардың жарылғыштары болған жоқ.
«Құлаған жерінде бірде-бір снаряд жарылмады. Өрт снарядтың қызып тұрған темір корпусынан шыққан. Ал қаладағы нысандар жарылыс толқынынан және құлаған снарядтардың салдарынан қираған. Дегенмен, азаматтар қалып қойған кейбір оқ-дәрілерді тауып, оны дұрыс ұстамаса, қауіпті жағдай туындауы мүмкін», - деді Ермекбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, мәселен, снарядты кесіп, бағалы металын аламын десе, я болмаса, металл қабылдайтын жерге тапсырамын десе, оларға қауіп төнуі мүмкін. Дегенмен саперлер бірден жұмысқа кіріскен. Бұдан бөлек, дезинфекция шаралары жасалды.
«Қазіргі кезде саперлер екінші рет тексеріс жасауға кірісті. Бүгінде 41 арнайы инженерлік-саперлік топ бар. 800-ден астам әскери қызметкер снарядтарды іздестіру шараларына қатысуда. Сосын мобильді саперлік бекеттер ашылды. Сол жерге күдікті заттар туралы хабар беруге болады», - деп атап көрсетті Ермекбаев.

10 шілде 2019 ж. 38 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области