Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазгидромет: 10 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде күн ысып, жауын жауады

Қазгидромет: 10 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде күн ысып, жауын жауады

Kyzylorda-news.kz. Атмосферлық ағындардың өтуіне байланысты 10 шілде күні еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, күн күркірейді және жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің тек солтүстігі мен оңтүстігінде ғана жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, Павлодар облысында желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетеді.
Алматы, Қостанай облыстарында, түнде Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады.
Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында өрт тұтану қаупі сақталады.

10 шілде 2019 ж. 111 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области