Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кетті

Қызылордада автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кетті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш оқиға Қызылорда қаласының орталық бөлігіндегі М.Әуезов көшесінде болды. Автокөлік иесі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан үш адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан көз жұмғандар жоқ. Жәбірленушілер медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті ем алды. Оқиға орнында күдікті жүргізуші ұсталды.
«Аталмыш оқиға негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мəн-жайлар анықталуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Қызылордада көлік қаққан адам көз жұмғанын хабарлаған едік.

09 шілде 2019 ж. 283 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области