Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы Ан-2 әуе оқиғасына қатысты жаңа деректер жарияланды

Қызылордадағы Ан-2 әуе оқиғасына қатысты жаңа деректер жарияланды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ан-2 әуе оқиғасына қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дельта-Юг» ЖШС ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторынан алынған ақпарат бойынша әуе кемесі жерге толық қонып, тоқтағаннан кейін тұраққа бұрылмақ болған кезде кенет жел тұрып, ұшақ алға қарай ауып кеткен», делінген министрліктің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметіне қарағанда, ұшақ экипажы ешқандай зардап шекпеген. 3 маусым күні экипаж аталмыш ұшақпен Шымкенттегі тұрақты айлаққа ұшып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, «Дельта-Юг» ЖШС аталмыш оқиға туралы тиісті орындарға хабарламаған.
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығымен бекітілген азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларына сәйкес, аталмыш оқиға авиациялық инцидент ретінде тіркеледі. Министрліктің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру жөніндегі комиссиясы оқиғаның мән-жайын тексеретін болады», - делінген ресми ақпаратта.
Бұдан бұрын «Дельта-Юг» ЖШС Қызылорда облысында болған әуе оқиғасын жасырып қалғаны хабарланған болатын.

05 шілде 2019 ж. 115 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области