Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде дәрі-дәрмекті тағайындаудың электрондық жүйесі енгізілмек

Елімізде дәрі-дәрмекті тағайындаудың электрондық жүйесі енгізілмек

Kyzylorda-news.kz. Келесі жылдан бастап елімізде дәрі-дәрмектерді тағайындаудың электрондық жүйесі енгізілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде рецептуралық дәрілерді беру қағидалары және дәрілік препараттарды тиімсіз қолданудың зардаптары түсіндірілген семинарда айтылды. Елімізде дәрі-дәрмектерді арнайы рұқсатсыз, яғни дәрігердің кеңесінсіз сату заңмен қудаланады. Дегенмен, кейінгі кезде келеңсіз оқиғалар жиі тіркелуде.
«Осындай жағдайлар болмау үшін қадағалауды күшейту керек», - дейді медицина ғылымдарының докторы Раиса Күзденбаева.
Қазіргі таңда фармацевтика қомақты ақша табудың жолына айналды. Алайда, дәрігер мен дәрі сатушылар ең алдымен ақшаны емес, адам денсаулығын ойлау керек. Сондықтан дәрілерді рецепт арқылы ғана беру өте маңызды. Қазір Қазақстанда 1800-ге жуық дәрі-дәрмек дәрігер тағайындауынсыз сатылады. Олар негізінен дәрумендер мен сыртқы қолданысқа арналған дезинфекциялық заттар.
«Өз басымызда бар ғой, аптекаға барамыз да басымыз ауырса, денеміз қызып тұрса, қандай антибиотик болса да, сатып ала беретінбіз. Қазіргі таңда рецепсіз берілмейді. Тіркелген 7800 дәрі бар. Оның ішінде 1800-і рецепсіз беріледі. Ол 20% құрайды. Қазіргі тағңда министрлікпен қарастырылып жатыр оны 30% дейін үлкейтуге. Оның ішінде әртүрлі дәрілер болады», - дейді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Анел Мұсаева.

05 шілде 2019 ж. 154 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области