Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта ет бумалау, консервілеу цехы жұмыс істеуде

Жалағашта ет бумалау, консервілеу цехы жұмыс істеуде

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округіне қарасты Жаңақоныс елді мекенінде «АгроЛидер Таң» ЖШС-ның ет бумалау, консервілеу цехы жұмыс істеуде.

Цех мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асқан жоба. Мұнда күніне 10 ірі қара сойылып, 500 келі ет өңделеді. Цех құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталып, биыл мамырда аяқталды. Ғимаратта мал сою, ет кесу және бумалау бөлмелері, мұздатқыш орналасқан. Жауапты жұмысты ветеринар, технолог, зертханашылар атқарады.
«Біздің өнімді әзірге өңір тұрғындары тұтынуда. Алдағы уақытта нарық ауқымын ұлғайтып, басқа облыстармен байланыс орнатуға бекініп отырмыз», - дейді «АгроЛидер Таң» ЖШС директоры Сәкен Шағыртаев.
Айта кету керек, өткен жылы аталмыш ауылдық округте күріш ақтайтын зауыт, жалпы құны 56 млн теңгені құрайтын, бір мезетте 100 адамды қамти алатын спорт кешені ашылған болатын.

04 шілде 2019 ж. 193 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области