Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалпыүйлік жылу есептеу аспаптарын орнату тиімділігі қандай?

Жалпыүйлік жылу есептеу аспаптарын орнату тиімділігі қандай?

Kyzylorda-news.kz. Елімізде жылу есептеу аспаптарын орнату кеңінен тарай қойған жоқ. Сондықтан тұрғындар тарапынан аспаптарды таңдау, орнату және пайдалануға қатысты көптеген сұрақ бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, 2015 жылдан бастап «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мен жаңғыртудың қазақстандық орталығы» АҚ аспаптандыру бағдарламасын жүзеге асыра бастаған еді. Ал аспаптандыру бағдарламасы - бұл халықтың ресурстарды (жылу, су және электр энергиясы) пайдаланғаны үшін төлейтін шығындарын төмендету мақсатында жалпыүйлік және жеке аспаптарды орнату.
Осы орайда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мен жаңғыртудың қазақстандық орталығы» АҚ жалпыүйлік жылу есептеу аспапын орнатудың бірқатар басымдығын айтады.
«Біріншіден, жылу есептеу аспабы іс жүзінде пайдаланылған ресурстың санын тіркейді. Мұндай жағдайда кез келген ұйым тұрғындарға жылу энергиясы мен жылу тасымалдауға артық төлем жасауға мәжбүрлей алмайды. Екіншіден, жылу тасымалдағыштың сапасына бақылау болады. Барлық бұзушылықтар құжат түрінде тіркеліп отырады. Демек, кез келген сәйкессіздікті жылумен қамтамасыз етуші ұйымға шағыммен оп-оңай дәлелдеуге мүмкіндік бар. Үшіншіден, жылу есептейтін аталған аспап үйге энергия үнемдейтін технологияны енгізу қажет не қажет еместігін түсінуге мүмкіндік береді», - делінген орталық таратқан ақпаратта.


04 шілде 2019 ж. 55 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области