Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАРИХЫМЫЗДЫ ТАНИ ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ШАРА

ТАРИХЫМЫЗДЫ ТАНИ ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ШАРА


    ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Өшпес даңқ!» атты танымдық конференция өтті. Аталмыш конференцияға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Бақытжан Ахметбек, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының тарих пәнінің оқытушысы Гүлнәр Жаркенова, «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы Талғат Тілес, колледж оқытушылары, жасотандықтар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.
    Жиында «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы Талғат Тілес ұлт тарихының маңызды оқиғаларына тоқталып, Алаш арыстарының ел үшін атқарған еңбектері жайлы айтты.
    – Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей, тарихымыздан тағылым алу міндетіміз. Осы Алаш алыптарының, зиялыларымыздың елге жасаған қызметін әрбір жас білуі тиіс,- деді ол өз сөзінде.
    Конференцияда сөз алған Б. Ахметбек Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясының бастауы саналатын тарихи оқиғалар жайлы тарата айтып, ұлттық жаңғырудағы жастардың рөліне тоқталды.
    Шарада студенттер тарихи тұлғалар жайлы танымдық бейнеролик көріп, конференцияға қатысушылармен еркін пікір алмасты.


12 желтоқсан 2017 ж. 898 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области