Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Досаев банктің "қара тізіміне" енгендер неден құр қалатынын айтты

Досаев банктің "қара тізіміне" енгендер неден құр қалатынын айтты

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық банк кредиттері коллекторлық бюроға кеткендермен жұмыс істемейді. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев коллекторлық бюроға кеткен кредиттерді мемлекет өтеп бермейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер бас банкирден коллекторлық бюроға кеткен қарыздар туралы сұрады.
"Кредитті белгілі бір уақытта төлемесе, ол коллекторлық бюроға кетіп қалады. Осындай қарыздар мемлекет есебінен өтеле ме? Ондай азаматтар жеңілдік ала ма?", - деп сұрады журналистер. Досаев "жоқ" деп қысқа ғана жауап берді.
Бас банкирдің айтуынша, банктер баланста тұрған азаматтармен ғана жұмыс істейді.
"Коллекторларға кеткені кетті. Банктер баланста қалғандармен ғана жұмыс істейді", - деді Досаев.
Осыдан кейін бас банкир журналистердің қоршауын бұзып, жылдам кетіп қалды.
Айта кетейік, президенттің тапсырмасы бойынша кепілсіз кредит алған 5 миллионға жуық адамның айыппұлдары мен өсімақылары өтеледі. Ал тұрмысы төмен азаматтар үшін осындай жеңілдікпен бірге 300 мың теңгеге дейінгі қарыз сомасы кешіріледі. Бірақ кредиттің сомасы 3 миллион теңгеден аспауы қажет. Тұрмысы төмен азаматтардың қатарына көпбалалы отбасылар, мүгедек баласы бар отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, жетім балалар және атаулы әлеуметтік көмек алатындар жатады. Бүгін парламент мәжілісі тиісті заң жобасын мақұлдады. Енді оны сенатта қарайды.

03 шілде 2019 ж. 151 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области