Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бас прокуратура заңсыз әрекеттерге бармауға шақырады

Бас прокуратура заңсыз әрекеттерге бармауға шақырады

Kyzylorda-news.kz. ҚР Бас прокуратурасы Арыс қаласында 350 тұрғынның хабар-ошарсыз кеткендігі және жарылыстың қайтадан орын алуы мүмкін, ол жерде тұрудың қауіпті екендігі туралы тараған ақпарат жалған қауесет екенін айтуда. Арыс қаласындағы бұл жағдайға қатысты теріс ақпарат фактілері бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Осы орайда Бас прокуратура қазақстандықтарды заңсыз әрекеттерге бармауға шақырады.
«Соңғы кезде әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде көрінеу жалған ақпараттарды тарату жағдайлары көбейіп кетті» делінген прокуратураның хабарламасында.
Сонымен қатар Бас прокуратура еліміздің жаңа ұлттық валютасы алтынға көшетіні де жалған ақпарат екенін айтты. Халықтың шындыққа жанаспайтын мұндай мәліметтерге сеніп қалмауын сұрады.
Хабарламада Шығыс Қазақстан облысындағы жерлердің шетелдіктерге сатылғаны туралы ақпараттың да шындыққа сай келмейтінң, әрі бұл арандатушылық ақпараттың тарауы азаматтарды мазасыз күйге түсіргені де айтылған.
Осы айтылған мән-жайларды ескере келе, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Прокуратура туралы» Заңның 32-бабын басшылыққа ала отырып, Бас прокуратура төмендегі жағдайларды түсіндіреді.
Мемлекет әр адамның ақпаратты еркін алу әрі тарату құқығына кепілдік береді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сай, азаматтар қажетті ақпаратты алу үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
Өз кезегінде, мемлекеттік орган қол жеткізуге шектеу қойылған ақпараттардан басқа сұратылып отырған мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Мемлекеттік органдардан алған ресми ақпаратты азаматтар қандай да бір шектеусіз бөлісуге құқылы.
Мемлекетке, қоғам мен адамның құқықтарына елеулі зиян келтіретін экстремистік және көрінеу жалған ақпаратты таратуға тыйым салынады.
Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті бұзатын немесе азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін осындай әрбір факт бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген.
Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған осындай әрекеттер үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Жаппай тәртіпсіздіктерге арандатып, азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру үшін Қылмыстық кодекстің 272-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды.
Осы айтылған мән-жайларды ескере отырып, Бас прокуратура азаматтарды жанжалдар тудыратын және қоғамдық тәртіпті бұзатын заңсыз әрекеттерге барудан, оның ішінде жалған ақпараттарды таратудан тартынуға шақырады.
03 шілде 2019 ж. 68 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области