Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық 22 мердігер Арыстағы үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізеді

Қызылордалық 22 мердігер Арыстағы үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізеді

Kyzylorda-news.kz. Арыста жарылыс салдарынан бүлінген үйлер жөнделіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

17 сектордың барлығында жұмыс қызу. Қаладағы 104 көп қабатты, 7200 жеке тұрғын үй қорын жаңғыртуға еліміздің барлық облыстары атсалысуда. Алғаш болып іске кіріскен өңірлердің қатарында көршілес Қызылорда облысы да бар. 16 көшеде орналасқан үйлерді түгел жөндеп шығатын сырбойылық 22 мердігер мекеме анықталды. Жүк көтергіш, тасымалдағыш техникамен қоса құрылыс материалдарын жеткілікті ала келген. Сонымен қатар пластик терезе жасау, ағаш жону және темір-металл дәнекерлеу құрылғыларын да әкеліп, іске кірісіп кетті. Үйлердің көбінде шатыр, есік-терезелер сынған. Жаңғырту шараларына 10 бригада жұмылдырылып отыр. Құрыш қолды құрылысшылар берілген аумақтағы құрылыс жұмыстарын тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
«Бұл жұмысқа қатыстырылған қазір бізде 3 камаз, 3 газель, 1 тиегіш барлығы қамтылған. Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан адам саны 30. Осы 1-2 күнде 120 адамға дейін тартамыз деп отырмыз», - дейді Қызылорда облыстық сәулет, құрылыс бақылау басқармасының басшысы Марсбек Молдабаев.

03 шілде 2019 ж. 100 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области