Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді

Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері облыс аумағында су айдындарында 17 қайғылы оқиға тіркелген, оның ішінде бесеуі балалар. Өткен жылы облыс бойынша суда 22 адам қаза болды, оның 8 балалар. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақыт Ембергенов мәлімдеді.

«Облыстың су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы, оның ішінде суға шомылу маусымында судағы адам қазасы өзекті мәселе болып отыр. Орын алған 22 жағдайдың: 3 – балық аулау кезінде, 9 – суға түсуге арналмаған жерде, бақытсыз жағдайдайда – 2 ересек, 2 бала, белгісіз жағдайда – 1.
Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады. Атап айтсақ, өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар жерлеріне суға түсуі, балалардың ересектердің бақылаусыз су жағасына баруы мен суға түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда. Бұларға қоса, суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де су айдындарында бақытсыз жағдайлардың санының көбеюіне теріс ықпалын тигізіп отыр. Департаменттің және оның бөлімшелерімен 2019 жылдың басынан азаматтардың суда қауіпсіздік шараларын сақтау бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде»,- деді Бақыт Ембергенов.
Сонымен қатар, брифинг барсында Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Саид Модақараев облыстағы өрт мәселесі жайлы айтып өтті.
«2019 жылдың 6 айында облыс бойынша 247 өрт орын алған, өткен жылдың осы кезеңінде 223 өрт тіркелген. Жоғарыда айтып өткендей 247 өрттің 15-нысандарда, 166- тұрғын үй секторында, 60-авто көліктерде 1- дала және 5-басқа да өрттер орын алған»,- деді Саид Молдақараев.
Төтенше жағдайлар департаменті барлық ересектерге, ата-аналарға, тәрбиешілерге балаларды қараусыз су айдындарына, каналдарға, өзендер мен көлдерге жібермеуді ескертеді. Ересектер суда өзін-өзі ұстау ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
02 шілде 2019 ж. 147 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области