Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда өткен жылы 5 сервистік қызмет көрсету кешені ашылған

Жаңақорғанда өткен жылы 5 сервистік қызмет көрсету кешені ашылған

Kyzylorda-news.kz. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі еліміздің транзиттік әлеуетін едәуір арттырды. Батыс пен Шығысты жалғайтын сауда магистралінің 812 шақырымы Қызылорда облысына тиесілі. Оның 220 шақырымы І санаттағы жолға жатқызылса, 567 шақырымы ІІ-санатта. Ал, Жаңақорған ауданынан автодәліздің 310 шақырымы өтеді.

Көлік қозғалысы көбейген жерде көлікке қызмет көрсететін сервистік орталықтардың да бойына қан жүгіреді. Қазіргі таңда өңірде автодәліз бойындағы қызмет кешенін көбейтуге барынша күш салынуда. Бұл бір жағынан жолды жағалай орналасқан ауылдық округ тұрғындарына да жұмыс көзі. Жалпы, Қызылорда облысының аумағында жоба бойынша 41 сервистік кешен ашу жоспарда бар екен. Ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен алған мәліметке сүйенсек, Жаңақорғанда халықаралық автодәліз бойынан өткен жылы 5 сервистік қызмет көрсету кешені ашылған.
Атап айтқанда, біріншіден, ДК «Құламетов Абибулла» (оң жақ «В санаты, 1984 км) жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Жобаның құны 62 млн. теңге. Бүгінгі таңда жоба толығымен іске асырылып 10 адам жұмыспен қамтылыған. Одан бөлек көлік жүргізушілеріне толыққанды жағдай жасалған. Яғни, 60 орындық дәмхана, 20 орындық қонақ үй, 16 адамдық монша жұмыс жасап тұр. Көлік нөпірінің артуы кәсіпкердің бизнесін кеңейте түсті. Автокөлікке қызмет көрсету кешенінде де барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Айта кету керек, Әбибулла Құламетов күре жол бойынан нәпақасын айырып, кәсібін кеңейтіп жатқан белгілі кәсіпкердің бірі.
Екіншіден, ауқымды жобаның бірі – ДК «Аружан К» (сол жақ «С санаты, 1984 км) жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Жобаның құны 36 млн теңге. Бүгінгі таңда жоба толығымен іске асырылып 6 адам жұмыспен қамтылған.
02 шілде 2019 ж. 52 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области