Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда «магнит адам» тұрады

Жаңақорғанда «магнит адам» тұрады

Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылында тұратын Нәзірхан Өтепберген өткен жылға дейін бойындағы мұндай құбылысты байқамаған.

Биыл алпысқа толатын Нәзірхан бұған дейін «Құмкөл» мұнай кенішінде жұмысшыларды таситын автокөлік жүргізушісі болып қызмет еткен. Былтырдан бастап ауыл клубының күзетшісі. Барлық көлік түрлерін шашып тастап, жөндей алатын, ешкімге қиянаты жоқ ақкөңіл жанның бойындағы қуатын немересі аңғарған. Денесінің қызуы мол екендігін немересі Әли өткен жылы сынақ өткізген.
«Өткен жылы «Пендеміз ғой» токшоуын немерем Әли, келіншегім Гүлзада үшеуіміз көріп отырдық. Теледидардан көргесін немерем өзіне жабыстырып көрді. Оған жабыспады. Ол дереу мені тұрғызып жабыстырып еді. Маған бәрі жабысты. Көршілерге көрсеттік. Жұрттан артық тамақ ішіп жатқан жоқпын. 1977 жылдан бері көлік жүргіземін. Мүмкін сол темірмен ұдайы жұмыс істегеннен шығар деп топшылаймын»,-дейді Нәзірхан Өтепберген.
02 шілде 2019 ж. 158 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области