Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Басынан күн өткен адамға салқын су беруге болмайды

Басынан күн өткен адамға салқын су беруге болмайды

Kyzylorda-news.kz. Күн өту – адам ағзасына ыстық өткен кезде туындайтын ауру. Бұл дертке, әсіресе, жүрек және қан тамыр ауруымен ауыратын, сондай-ақ эндокрин сырқатына шалдыққан адамдар бейім келеді.


Күн өту белгілері
Аптап ыстықта ұзақ уақыт бас киімсіз жүру салдарынан адамның басынан күн өтуі мүмкін. Күн өтудің бастапқы белгілері - ауыз қуысының қатты кебуі, шөл қысу, бас ауруы немесе бас айналу, әлсіздік, жүрек айнуы.
Күн өту салдарынан бастапқыда адамның тамыр соғысы, жүрек қағысы жиілеп, тынысы тарылуы мүмкін. Сондай-ақ күн өткен кезде құлағы шулау, денесі ауырсыну, құсу, терлеу, мұрыннан қан кету, 38-40 градусқа дейін ыстығы көтерілу, есінен тану сияқты белгілер болады.

Күн өткенде көрсетілетін көмек
Дәрігерлердің кеңесіне сүйенсек, күн өткен кезде, жағаны босатып, галстугты шешіп, салқын жерге демалу керек. Мүмкін болса, күн өткен адамға салқын су сепкен жөн. Салқын душқа түсу де күн өткен кезде жақсы көмектеседі.
Күн өткен науқасқа мұздай су беруге болмайды, себебі бронхитке, өкпе қабынуына әкеп соғуы мүмкін. Күн өту салдарынан адамның басы қатты ауырғанда және ыстығы көтерілгенде, 1-2 таблетка анальгин немесе ацетилсалицил қышқылын берген жөн.
"Егер күн өткен адам есінен танып қалса, нашатыр спиртін иіскету керек. Сонымен қатар күн өткен науқасты шалқасынан жатқызып, аяғын сәл көтеріп, шешіндіріп, демалдыру қажет. Ал егер есін жоғалтпаса, ыстық шай, су немесе аздап тұз қосылған су (1 литр суға жарты шай қасық тұз қосып) берген жөн", - деп кеңес береді Шығыс Қазақстан облысындағы "Апаттар медицинасы орталығы" филиалының қызметкері, бірінші санатты мейірбике Б.Сағымжанова.
Күн өтуден сақтану шаралары
Күн өтуден сақтану үшін аптап ыстық кезінде тамаққа тойып алып немесе ішімдік ішіп алып далада ұзақ жүруге болмайды. Сонымен бірге ашық күн астында ұйықтамаған жөн.
Күн өтпеуі үшін жеңіл бас киім киіп немесе ақ орамал тағып алу керек, сондай-ақ қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін ашық түсті жеңіл киім кию қажет. Сонымен қатар жеңіл аяқ киім киген абзал. Жеміс-жидек, көкөністер мен жеңіл сіңімді тағам жеу де күн өтуден сақтануға көмектеседі.

02 шілде 2019 ж. 275 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области