Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алыпсатарларға тосқауыл: Елімізде темір жол билеттерін сатудың жетілдірілген жүйесі іске қосылды

Алыпсатарларға тосқауыл: Елімізде темір жол билеттерін сатудың жетілдірілген жүйесі іске қосылды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда бүгіннен бастап электронды темір жол билеттерін сатудың жетілдірілген жүйесі іске қосылды. Жаңа жүйе «Жолаушылар тасымалының» билет алыпсатарларына тосқауыл қоюға бағытталған әрекеті болып табылады, деп хабарлайды Stan.kz .
Аталған жүйе бос билеттерді белгілі бір уақыт аралығында ғана сатылымға түсіреді. Оның уақыт алгоритімін автоматика өзі есептеп шығарады. Егер касссир 30 секунд бір типті 5 сұраныс жасаса – онда жүйе оны бұғаттап тастайды. Егер бір мезетте 3 бірдей сұраныс жасаса – онда оған «жүйе 5 минутқа бұғатталады» деген хабар түседі. Яғни бұл жүйе бос билеттерді «алып қалуға» қарсы бағытталған.
Ескі жүйеде жолаушылар тарапынан қайтарылған билеттер сол мезетте сатылымға шығып, алыпсатарлардың қолына түсетін еді. Олар осыны пайдаланып алынған жол құжаттарын бірнеше есе қымбат сатып, пайда табатын.
Жолаушылар жол жүру билеттерін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты 233 кассадан, жеке меншік 4500 кассадан, EPAY.RAILWAYS.KZ ресми сайтынан және де басқа да ғаламтордағы сату көздері арқылы ала алады.
Ұлттық тасымалдаушы компания жол билеттерін тек аталмыш сату орындарында алуларыңызды сұрайды.
«Егер де заңсыз билет сатқан фактілерге тап болсаңыз - міндетті түрде жол торабындағы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлеріне шағымдануларыңызды сұраймыз», - делінеді хабарламада.

01 шілде 2019 ж. 192 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области