Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әлемде қаржысы 100 миллиардқа жететін байлар саны үшеу болды

Әлемде қаржысы 100 миллиардқа жететін байлар саны үшеу болды

Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) компаниялар желісінің президенті һәм негізін қалаушысы, франциялық миллиардер Бернар Арноның байлығы артып, әлемдегі 100 миллиард доллары бар қалталылардың қатарына қосылды.
Сарапшылардың есептеуінше, Арноның байлығына осы аптада 3 миллиард доллар қосылып, ақшасы 100,4 миллиардқа жеткен. Сонымен әлемде байлығы 100 миллиардтан асатын адамдардың саны тағы біреуге артты. Бұрын бұл межені Amazon-ның негізін қалаушысы Джефф Безос пен Microsoft-тің иесі Билл Гейтс бағындырған болатын. ©finfocus.toda
Bloomberg-тің есебінше, Арноның байлығы Франция жалпы ішкі өнімінің 3 пайызын құрайды екен.
Айта кетейік, осыған дейін Forbes эксперттері Арноның байлығын 97,3 миллиардқа бағалаған болатын. Бұл журналдағы миллиардерлер тізімінде ол үшінші. Одан жоғары орындарда Безос ($156,2 млрд) және Гейтс ($102,4 млрд).
30 маусым 2019 ж. 109 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области