Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария аудандық "Жастар ресурстық орталығы" жаңа ғимаратқа көшті

Сырдария аудандық "Жастар ресурстық орталығы" жаңа ғимаратқа көшті

Kyzylorda-news.kz. "Жастар жылы" аясында Сырдария ауданында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, нақты жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімінің тікелей бастамасымен аудан жастарының ұсынысы негізінде аудандық "Жастар ресурстық орталығы" жаңа ғимаратқа көшті.
Бұл аудан жастары үшін зор қуаныш және қолдау болды.
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов бастаған аудан әкімдері мен басқарма басшылары Сырдария аудандық "Жастар ресурстық орталығының" жаңа ғимаратымен танысып, жастармен пікірлесті.
Жаңа ғимараттың мәжіліс залында "Тереңөзек жастары" қорының мүшелерімен кездесу өткізіліп, кәсіпкерлікке ынталы жастарға 300 000 мың теңгенің сертификаттары берілді. Аудан жастары өз ұсыныс-пікірлерін айтып, атқарушы билік өкілдеріне ризашылықтарын білдірді.
Айта кету керек, аудандық "Жастар ресурстық орталығында" жұмыс кабинеттері, ұлттық және спорттық ойындар ойнауға арналған бөлме және 20-25 адамға арналған мәжіліс залы бар. Ғимарат жаңа заман талабына сай техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

27 маусым 2019 ж. 648 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области