Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада екі азаматты жаралаған бұзақылар ұсталды

Қызылордада екі азаматты жаралаған бұзақылар ұсталды

Kyzylorda-news.kz. 19 маусымда түнгі сағат 02:25 шамасында Қызылорда қаласындағы ойын-сауық орнының алдында қару атылады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері екі тұрғынның дене жарақатын алғанын байқап, жедел жәрдем қызметі мен сол аймақта қызмет атқарып жүрген бекет қызметкерлерін көмекке шақырған.
Қызылорда патрульдік полиция батальоны жедел қызметке көшіп, күдіктінің ізіне түскен. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті, Байқоңыр қаласының 24 жастағы тұрғыны автокөлік салонында жасырынған жерінен құрықталған. Автокөліктің ішінен екі дана травматикалық қаруы заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Күдікті қалалық Полиция басқармасының Уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Полиция департаментінің дерегінше аталған оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (Бұзақылық) және 287-бабының 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
26 маусым 2019 ж. 252 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области