Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда ҰБТ басталды

Қазақстанда ҰБТ басталды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы Еуразия ұлттық университетіне келіп, түлектерге сәттілік тіледі.
"Көріп отырғандарыңыздай, бүгін балалардың көңіл-күйі жақсы. Меніңше, мұның себебі - олар биыл осы орындарда осындай жағдайда ҰБТ-ны екі рет тапсырғанына байланысты. Ол кезде де бәрі тексеріліп, ұялы байланыс өшірілген болатын. Сондықтан олар үшін бұл әдеттегі процесс. Мен 10 жыл бойы ҰБТ-ны өткізу рәсіміне қатысып келемін. Соңғы жылдары балалар сабырлы, алаңсыз. Оқушылар мен түлектерге сәттілік тілегім келеді. Бәрі қолдарынан келеді деп ойлаймын", - деді Асхат Аймағамбетов.
ҰБТ 20-30 маусым арасында өтеді. Биыл тестілеуге 117 242 адам қатысады. Нұр-Сұлтанда олардың саны - 6 274.

20 маусым 2019 ж. 95 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области