Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауа райы: Бейсенбіде елімізде күн райы ашық болады

Ауа райы: Бейсенбіде елімізде күн райы ашық болады

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжауынша бейсенбі күні елімізде күн райы ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

20 маусымда еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан күн райы ашық, тек батыста және солтүстік батыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, солтүстіктің кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз кей жерлерде дауыл күтіледі.
Алматы, Ақтөбе, күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Атырау облысында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарның кей жерлерінде күндіз қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

20 маусым 2019 ж. 124 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области