Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өткен жылы 13 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды

Өткен жылы 13 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды

Kyzylorda-news.kz. Индустрияландыру картасы шеңберінде былтыр жалпы құны 1 трлн 300 млрд теңгеге тең 102 жоба қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде 13 мың жаңа жұмыс орны пайда болды. Ал соңғы 3 айда құны 1 млрд теңгеден асатын 4 жоба орындалды. Сондай-ақ жыл соңына дейін индустрияландырудың үшінші бесжылдығы бекітілуі тиіс. Осы арқылы елдегі еңбек өнімділігі мен экспорт көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Сонымен қатар қарапайым заттар экономикасын жеңілдетілген несиелер арқылы демеу бағдарламасы да жоғары қарқын алған. Соңғы аталған бағдарламаға бөлінетін 600 млрд теңгенің үштен екі бөлігі өңдеу өнеркәсібіне бағытталады.
«Индустрия бағдарламасы тұрақты және әртарапты экономиканы құру факторының бірі болып келеді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп 4,1 процентке өсті. Тау кен секторы қарқынды өсіп, 4,6 процентке жетті және өңдеуші өнеркәсіп 4 процентке өсті. Өсімді машина жасау, химия өнеркәсібі, мұнайды қайта өңдеу және жеңіл өнеркәсіп пен металлургия салалары қамтамасыз етті, - дейді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.

14 маусым 2019 ж. 20 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области