Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде үш түрлі әлеуметтік төлемнің мөлшері 30% көбейеді

Елімізде үш түрлі әлеуметтік төлемнің мөлшері 30% көбейеді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда үш түрлі әлеуметтік төлемнің мөлшері 30 пайызға көбейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай өзгерістер міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелерге қатысты заң жобасына енгізілген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бұл құжатты Мәжіліс депутаттарына ұсынды. Оған сәйкес келер жылдан бастап мүгедектер, асыраушысынан айырылған және еңбек ету қабілеттілігін жоғалтқан азаматтарға берілетін жәрдемақы ең кемі 5-7 мың теңгеге өспек. Мемлекет тарапынан көрсетілетін бұл қолдауға бас-аяғы 200 мыңдай адам ие болады. Төменгі палата мақұлдаған Заң жобасы енді Сенаттың қарауына түседі.
«Әлеуметтік төлемдер ұзақ мерзімде төленеді. Оның мөлшері елдегі инфляцияға байланысты көтеріліп тұрады. Бұл енді 5 пайыздан 8 пайызға дейін. Қандай инфляция болады, сондай әлеуметтік төлемдер көтеріледі. Бюджеттен төлейтініміз бар, содан кейін әлеуметтік қамту мемлекеттік қорынан төленеді», - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.

13 маусым 2019 ж. 133 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области