Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды

Қызылордада көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолында «Toyota Camry» маркалы автокөлік жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш оқиға 10 маусым күні орын алған. Нәтижесінде жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.
«Аталмыш оқиға сағат 22.30 шамасында орын алған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеудің басқа деректері жария етілмейтінін жеткізді.

12 маусым 2019 ж. 143 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области