Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жауын, жел, бұршақ- сәрсенбіге арналған ауа райы

Жауын, жел, бұршақ- сәрсенбіге арналған ауа райы

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 12 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның үш мегаполисінде алдағы тәуліктерде күн алабұлтты болады Қазақстанның басым бөлігінде найзағамен жаңбырлы құбылмалы ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында - ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дауыл, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады.
Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

12 маусым 2019 ж. 121 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области