Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада амбулатория құрылысы бойынша 28 жоба жүзеге асуда

Қызылордада амбулатория құрылысы бойынша 28 жоба жүзеге асуда

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бойынша 28 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде: Арал ауданы Бекбауыл, Қазалы ауданы Өркендеу және Сырдария ауданы Ақжарма елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл туралы облыстық экономика басқармасы хабарлады.

«Қармақшы ауданы Ақтөбе елді мекенінде, Жалағаш ауданы Ақсу, Таң елді мекендерінде, Шиелі ауданы Жөлек, Н.Бекежанов елді мекендерінде, Жаңақорған ауданы Бірлік, Өзгент елді мекендерінде, Қызылорда қаласы Белкөл, Қараөзек елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы жүргізілуде. Қалған 16 дәрігерлік амбулаториялар бойынша тиісті құжаттамалар әзірлену және конкурстық үрдістер өткізілу сатысында», - делінген хабарламада.
Бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру ауылдық жердегі халықты сапалы және қолжетімді алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
11 маусым 2019 ж. 141 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области