Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Монополист компания сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ашықтықты таңдады

Монополист компания сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ашықтықты таңдады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы электр энергиясын таратушы монополист мекеме «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ жеке және заңды тұлғаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында өз бизнес процесстерін оңтайландыруда.

Бұған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Компания қызметіне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізу қорытындысымен қол жеткізіліп отыр.
Азаматтарға қолайлы және сапалы қызметтерді құру мақсатында Агенттіктің облыстағы департаменті мен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында әкімшілік кедергілерді болдырмау, сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету, бизнес процесстерді жетілдіру, арнайы комплайнс қызметін құру және компанияның жұмыс жасау тәртібіне «Open space» форматын енгізу шаралары қолға алынды.
Осы орайда, компаниямен жеке және заңды тұлғаларға техникалық шарт беру қызметінің стандарттары әзірленіп, осы стандарт негізінде қызмет көрсетуді бастап кетті.
11 маусым 2019 ж. 129 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области