Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені іске қосылады

Аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені іске қосылады

Kyzylorda-news.kz. «Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені полигонының құрылысы және сыртқы инженерлік желілерді жеткізу» жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асыру жоспарланып отыр.

«Аталған жобаға Белкөл кенті аумағынан 20 га жер учаскесі белгіленді. Жобаны іске қосу мерзімі - 2019 жылғы 1 қазан айы. Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Арал қаласында да полигон құрылысы басталып кетті», - дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиев.
Сондай-ақ, алдағы уақытта Арал ауданының Сексеуіл кентіне және Сырдария ауданының Тереңөзек кентіне тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон құрылысын жүргізу жоспарлануда.
07 маусым 2019 ж. 32 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области