Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 8 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Өзіңізге ұнайтын затты сатып алу үшін көбірек шығын шығарасыз. Жаңаша бастама ұсынғандар болса, одан бас тартпаңыз. Қандай қиындық болса да тығырықтан шығар жол табыңыз. Бүгін жолға шығуды жоспарламаңыз.

Торпақ
Бүгінгі күніңіз ерекше өтеді. Отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Өмірлік серігіңізбен ашық әңгімелесіңіз. Егер материалдық жағдайыңыз тым нашар болса, оны жақсартудың амалдарын қарастырғаныңыз жөн.

Егіздер
Егер жақсы дайындалсаңыз, қолға алған əрбір ісіңіз сəтімен болады. Сақтық пен ұстамдылықты ұмыт қалдырмаңыз. Шектен тыс құштарлыққа бой алдырудан аулақ болыңыз. Кешке жақсы тынығуға тырысыңыз.

Шаян
Ойламаған жерден сыйақы аласыз. Аптаны қорытындылап, жақсы жетістікке жетесіз. Материалдық жағдайыңыз, сіздің қалай жұмыс жасайтыныңызға байланысты екенін естен шығармаңыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланып үйреніңіз.

Арыстан
Күннің алғашқы жартысында өзге адамдардан ұсыныс түсуі мүмкін, алданып қалудан сақтаныңыз. Жақындарыңызбен жылы қарым-қатынас орнатыңыз. Қандай да бір қиындыққа мойымай еңбек етсеңіз, жемісін жейсіз.

Бикеш
Жеке өмірде де, жұмыста да жолыңыз болып, көп жетістікке жетесіз. Бірақ отбасыңызға көп көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Олардың материалдық жағдайын жақсартуға тырысыңыз.

Таразы
Үмітіңіз ақталады. Өзіңіз қалаған салада жұмыс табасыз. Бұл жұмысты бар ынтаңызбен, қызығушылықпен атқарасыз. Сіз өте білікті мамансыз. Дей тұрғанмен, көмек көрсетушілердің кеудесінен итермеңіз.

Сарышаян
Бүгін жолыңыз болады. Жұмыста да ісіңіз алға басып, көңілді кештерде жаңа таныстар табасыз. Бұл таныстықтардың кейін өз пайдасы бар. Бүгін қандайда бір қиындық орын алса, сіз бұл сәттерде де шешім таба аласыз.

Мерген
Күніңіз жақсы өтеді. Көптен бері ойлап жүрген сүйікті ісіңізбен айналысасыз. Жаныңызға жайлылық сыйлайтын таныстықтар орын алады. Жаныңыздағы адамдарға өзіңіз туралы жағымды пікір қалыптастырасыз.

Тауешкі
Жұмысыңыз алға баспай, мақсатыңызға жету қиындай түседі. «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген мақал бүгін сізге арналғандай. Сондықтан тым ауыр, қиын тапсырмаларды орындаймын деп әуреленбеңіз.

Суқұйғыш
Мазасыз күн. Белсенділігіңіз бен көңіл-күйіңізді сақтап тұру қиынға соғады. Кейбір сөздерді жүрегіңізге жақын қабылдап, ренжіп қалуыңыз да мүмкін. Сондықтан бүгін ешкіммен жақын араласпағаныңыз жөн.

Балықтар
Тыныш күн. Ешқандай мәселе орын алмайды. Күнделікті шаруаңызбен айналысып, берілген тапсырмаларды орындап, үйге қажетті заттар сатып алуға қолайлы күн.
08 маусым 2019 ж. 145 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области