Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Көкнәр - 2019»: Есірткіге қарсы бірлескен күрес басталды

«Көкнәр - 2019»: Есірткіге қарсы бірлескен күрес басталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен «Көкнәр-2019» жедел профилактикалық іс-шарасының ашылуы қарсаңында нұсқаулық кеңес өтті. Онда Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Байжан Байгелді төрағалық етті.

Республика көлемінде өтетін кең ауқымды «Көкнәр-2019» жедел профилактикалық іс-шарасы 1 маусым – 30 қазан аралығында өтеді. Кеңесте құқық қорғау және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп атқарылатын іс-шаралар кезінде туындайтын мәселелер жөнінде Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ерболат Тұрахметов баяндама жасады.
Мәселен, есірткі алқаптарын анықтау және жолын кесу бағытында тек ішкі істер органдарының күшімен ғана емес, басқа да құзырлы органдарды жұмылдырып, есірткі алқабы анықталған жер учаскесінің иесіне шара көруді, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған қожалықтың жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, аумақтағы ауылшаруашылық, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, су ресурстарын қорғау инспекцияларының қызметкерлері, қорықшы, жер телімдерін жалға алушылар құрамында есірткі бар өсімдіктер егіп, өсіру белгілері бар алқап анықталған жағдайда аудандардағы жергілікті полиция бөлімдеріне хабардар етіп, ақпарат алмасу ұсынылды.
06 маусым 2019 ж. 114 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области