Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандағы Президент сайлауы: әлеуметік желіде не жазуға болады, нені жазуға болмайды?

Қазақстандағы Президент сайлауы: әлеуметік желіде не жазуға болады, нені жазуға болмайды?

Kyzylorda-news.kz. Кезектен тыс Президент сайлауына 3 күн қалды. Осы мерзімнен бастап елдің заңнамасында интернет-ресурстарындағы жарияланымдарға шектеу бар, деп жазады Informburo.kz.

Internews Kazakhstan заңгері О.Диденко мен "Әділ сөз" Халықаралық қорының заңгері Т.Семахина дан осы мерзімнен бастап сайлау аяқталғанға дейін қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде не жазуға болатыны туралы сұрақтарға жауап берді.
№1. Бүгіннен бастап әлеуметтік желіде не істеуге болмайды?
Сайлауға 5 күн қалғаннан бастап, яғни 4 маусымнан бастап интернетте қоғамдық пікір жариялауға, сайлау қорытындыларын болжауға, басқа да сайлауға қатысты зерттеулерді жазуға, кандидаттарды қолдауға дауыс беру жұмыстарын жүргізуге болмайды.
№2. Тыныштық күні әлеуметтік желіде не жазуға болмайды?
8 маусым – сайлау алдындағы тыныштық күні. Бұл күні сайлау алды үгіттеу жұмыстары аяқталады, кандидаттарды үгіттеу материалдарын жариялауға болмайды.
8 маусымда интернетке бұрын салынған үгіттеу материалдары ғана өз орнын сақтауы мүмкін. Осыған дейін жарияланған материалдарды интернет-ресурстардың бірінші бетіне шығаруға болмайды.
№3. Сайлау күні әлеуметтік желілерде нені жариялауға тиым салынады?
Желі қолданылушыларына сауалнама жүргізуге ( онлайн да, оффлайн да), сонымен қатар үгіттеуге, тіпті өз ойынша алдын ала сайлау қорытындысына талдау жасауға да кеңес берілмейді.
Журналистер тек редакцияның тапсырмасымен сайлаудың барысы туралы жазып, жариялай алады. Сондықтан блогер немесе әлеуметтік желі қолданушысы тіркелген БАҚ-тың тапсырмасынсыз дауыс беру барысын бақылай алмайды, фото-видеоға түсіре алмайды, тіпті дауысты санауды қадағалай алмайды, сондай-ақ сайлаушыға кіру барысында жәшікті бірге арып жүре алмайды.
№4. Сайлауға баруға шақыру құқық бұзу болып санала ма?
Егер тек сайлауға бару туралы айтылса, ол сайлау алды үгіттеу болып саналмауы кере. Сәйкесінше желі қолданушысы жауапқа тартылмауы тиіс. Егер белгілі бір кандидатқа дауыс беруге шақырса, бұл үгіттеу үшін оған айыппұл салынуы мүмкін.
№5. Тыныштық күні "Мен сайлауға барамын" деп жазуға бола ма?
Иә, болады. Алайда, егер сіз қай кандидатқа дауыс беретініңізді көрсетсеңіз, онда тыныштық күні үгіттеп жатыр деп есептеуі мүмкін.
№6. Сайлау күні кімге дауыс бергенім туралы жаза аламын ба?
Әлеуметтік желіде кімге дауыс бергеніңізді жазуға кеңес бермейміз. Сайлау аяқталғанша кімге дауыс бергеніңізді жазғаныңыз белгілі бір үміткерді көрсету деп есептелуіп, үгіттеп отырғаныңыз ретінде танылуы ғажап емес.
№7. Мен журналист емесмін, жай әлеуметтік желіде жазамын. Мені не үшін жазалауы мүмкін?
"Әлеуметтк желі қолданушылары үшін басты қауіптілік – қолданыстағы заңнама нормаларының шиеленіске толы болуында. Пайдалана отырып, бір жағдайда біз желі қолданушысы БАҚ болып табылмайтынын дәлелдей аламыз, тағы бір жағдайда кез келген аккаунт – бұл БАҚ екеніне көз жеткізуге болады.
БАҚ үшін сайлау алды кезеңдерде көп шектеу бар. Егер бүгінгі жағдайды ескерсек, Қазақстандағы сөз бостандығы саласында кем дегенде әкімшілік жауапкершілікке тартыру қаупі бар" деп түсіндірді "Әділ сөз" халықаралық қорының заңгері Тамара Семахина.
Informburo.kz бұған байланысты мемлекеттің ресми ұстанымына қатысты ақпарат ала алмады: ҚР Орталық сайлау комиссиясы редакцияның сұрағын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдап (олардан да мақала жарияланғанша жауап болмады), жауап бергісі келмеді. Бас прокуратура да сұрақты ОСК-на жіберіп, жауап бермеді.
№8. Блогерге нен жазуға болады?
"Қазақстанда заңды тұрғыда анықталған "Блогер" ұғымы жоқ. Кез келген адамның өзінің азаматтық пікірін білдіру құқығы бар. Егер бұл азаматтардың тарапынан үгіттеу жасағаны болып танылса, олар кандидаттардың біреуінің қоғамдық штабына кіріп, заңды негізде үгіттей алады. Мен бұл жерден ешқандай да проблема көріп тұрған жоқпын" деді 14 мамырда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев.
№9. Құқық бұзушыларға қандай жаза қолданылады?
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте 2 бап бар: 120 бап – "Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу" және 102 бап – "Сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу".
Сауалнама жүргізген үшін салынатын айыппұл: 10 АЕК-тен (25 250 теңге) 30 АЕК-ке (75 750 тенге) дейін. Заңсыз үгіттегені үшін – 15 АЕК(37 875 тенге).

06 маусым 2019 ж. 136 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области