Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорданың жанармай бекетінде газ жарылды

Қызылорданың жанармай бекетінде газ жарылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жанармай бекетінде газ жарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқыс оқиғадан 15 жастағы баланы күйік шалды. Дәрігерлер жәбірленушінің қолы мен беті күйгенін айтып отыр. Қазір ол ауруханада ем қабылдауда. Осы жайттан кейін комитет басшылығы жанармай бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарын толтыруға қатаң тыйым салуды көздеп отыр.
«Тұрмыстық газ баллондарын автогаз құятын бекеттерде толтыруға тыйым салынған. Осы талап сақталмағандықтан келеңсіз жағдайға тап болып отырмыз. Қазір автокөлікке газ балондарын орнату кең тарап келеді. Сондықтан бұл түйіткілді шешу мәселесін қарастыру қажет», - дейді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.
Комитет төрағасы шомылу маусымы басталмай тұрып, елімізде 40 баланың суға батып кеткенін де айтты. Мерт болған ересектер де көп. Сондықтан мамандар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға мән беру қажеттігін ескертіп отыр.
05 маусым 2019 ж. 40 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области