Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жас патриоттар академиясының өкілдігі еліміздің әр аймағында ашылады

Жас патриоттар академиясының өкілдігі еліміздің әр аймағында ашылады

Kyzylorda-news.kz. Бурабайдағы Жас патриоттар академиясының алдағы уақытта еліміздің әр аймағында өз өкілдіктері ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы бүгін Үшінші Республикалық патриоттар форумында айтылды. Жалпы аталған академия осыдан 3 жыл бұрын Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында құрылған болатын. Қазір оған ел бойынша 2 мыңға жуық бала мүше. Ал «Ұлы дала жастары рухани жаңғыру жолында» атты кезекті форумда батылдығымен көзге түскен тағы бірнеше бала академия құрамына қабылданды. Олардың барлығы оқуда озат, өнер мен спортта үздік, қоғам өміріне белсене атсалысып жүрген оқушылар. Академияның аймақтардағы мүшелері жергілікті жерде патриоттық іс-шаралардың өтуіне мұрындық болып келеді. Ал әр облыста патриоттар академиясының өкілдіктері ашылса, белсенді жастардың қатары көбеймек. Айта кетейік, енді аталған форум, келесі жылдан бастап Бурабайда емес, елордада өткізіледі.
«Келесі жылы елордаға еліміздің басқа өңірлеріндегі жастарды жинайтын боламыз. Академияның филиалдары әр өңірде ашылу керек деп білім басқармаларына тапсырма беремін», деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.
«Жалпы балаға бір жоба ашардың алдында мақсаттар ме міндеттерден бұрын арнайы құрал-жабдықтар жетіспей қалуы мүмкін. Сондықтан Қазақстанның әр өңірлерінде, әр нүктелерінде арнайы Қазақстан патриоттар академиясының өзінің нүктелері, яғни штабтары болса, әр академия мүшесіне үлкен бір көмек болар еді. Және де оларға тың идеяларды, жоспарларды жасауға мүмкіндік туар еді», - дейді форумға қатысушы Мирхат Жылқыбаев.

04 мамыр 2019 ж. 130 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области