Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА 693 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА 693 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ


    Жыл басынан бері 180 мекемеден 236 бос жұмыс орындарына сұраныстар беріліп, 10 рет жәрменке өткізілді.  Нәтижесінде 233 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл туралы аудан әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.
    Оның айтуынша аудан бойынша үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін 16 азамат жұмысқа орналасқан. Жұмыспен қамту орталығына бұрын сотты болған 10 азамат хабарласып, олардың 9-ы тұрақты жұмысқа орналасса, 1-і ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген.
    -  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша  2017 жылға кәсіптік оқуға 25 адам, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 80 адам қайта даярлаудан өтті. Бағдарламаның екінші бағытымен  республикалық бюджеттен 142,1 млн теңге қаржы бөлініп, 1 қарашаға 60 адам 303,0 млн теңге несие алды. Аталған бағдарламаның үшінші бағыты бойынша   2017 жылға жастар практикасына республикалық бюджеттен  20,4 млн теңге қаржы қаралып, есепті мерзімде 100 жас 48 мекемеге жолданды, - дейді аудан басшысы.

05 желтоқсан 2017 ж. 109 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области