Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Медицина жанымызда» атты акция өткізілді

«Медицина жанымызда» атты акция өткізілді

Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданындағы Еңбек ауылдық округінде «Медицина жанымызда» атты акция өткізілді. Аталған акция еліміздің барлық өңірлерінде өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты тұрғындарға әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуі туралы, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қандай көмектер көрсетілетіні, ауылда медициналық көмекті алуға қандай мүмкіндіктер бар екендігі туралы ақпараттандыру.
Акция аясында медициналық бригада құрамында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, сондай-ақ, балалар дәрігері, терапевт, хирург, невропатолог, кардиолог, эндокринолог, тіс дәрігері тұрғындарға қабылдау жүргізді.
Дәрігерлік тексеру барысында тұрғындардың қан қысымын өлшеу, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтау, флюрогорафиялық тексеру, ультрадыбыстық зерттеу, электрокардиограммалық тексеру құрал-жабдықтары арқылы тексерулері жүргізіліп, науқастардың шағымдары жан-жақты зерттелеліп, зерделенді.
Сонымен қатар, медициналық сақтандыру саласының мамандары халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында тұрғындарға сапалы медициналық қызметтер көрсетумен қатар, ауылдардағы медицина қызметкерлеріне әдістемелік көмектер көрсетілді.
02 мамыр 2019 ж. 66 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области